Иран Еуропаны Құран Кәрімге шабуылға байланысты айыптады

Иран Еуропа елдерінде Құран Кәрімге жасалған шабуылдарды «ұятты әрекет» деп қарайтындарын және қатаң айыптайтынын білдірді.

2015465
Иран Еуропаны Құран Кәрімге шабуылға байланысты айыптады

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Насер Кенани Еуропа елдерінде Құран Кәрімге жасалған шабуылдарды «ұятты әрекет» деп қарайтындарын және қатаң айыптайтынын білдірді.

Кенани ел астанасы Тегеранда өткізген баспасөз мәслихатында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Қолына Құран Кәрімді көтеріп, сахнаға шыққан Кенани:

"Өркениетті екенін алға тартқан Еуропада, Швецияда, Данияда және басқа елдерде полицияның қолдауымен Құран Кәрімге қарсы жасалған бұл масқара әрекетті қатаң айыптаймыз» деп баса көрсетті.

Құран Кәрімге жасалған шабуылдың 2 миллиард мұсылман және барлық монотеистік діндерді қорлау екенін атап көрсеткен Кенани бұл елдерден мұндай әрекеттердің қайталануына рұқсат бермеуді және қылмыскерлерді Ислам елдеріне тапсыруды сұрады.

Иранның баспасөз хатшысы:

«Біз Ислам елдері мұндай әрекеттердің қайталануын тосу мақсатымен өз мүмкіндіктерін пайдалануы керектігіне сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар