Нетаньяхуға қарсы наразылықтарға Израиль армиясы қызметкерлері де қосылды

Израильде 10 мың резервтік ерікті сарбаз отставкаға кететінін жариялады.

2014881
Нетаньяхуға қарсы наразылықтарға Израиль армиясы қызметкерлері де қосылды

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметінің сот билігінің өкілеттігін шектейтін құқықтық реттеуіне қарсы шыққан 10 мың резервтік ерікті сарбаз армиядағы міндеттерін тастайтыны жариялады.

Израиль баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда дау-дамайлы сот реформасына қарсы шыққан ерікті әскерлер құраған «Қарулас достар» тобы 10 мың резервтегі ерікті әскердің отставкаға кететінін мәлімдеді.

Бас штаб басқармасы төрағасы Герци Халеви әскерлердің отставкаға кету мәлімдемесін талқылау үшін премьер-министр Нетаньяхудан кездесу талап етті.



Ұқсас жаңалықтар