"Алдымен соғыс аяқталуы керек"

Байден «Украинаның НАТО-ға мүшелігін талқылаудан бұрын Украина-Ресей соғысы аяқталуы керек» деді.

2009120
"Алдымен соғыс аяқталуы керек"

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден «Украинаның НАТО-ға мүшелігін талқылаудан бұрын Украина-Ресей соғысы аяқталуы керек» деді.

Байден «CNN» арнасына берген сұхбатында 11-12 шілдеде Литваның астанасы Вильнюсте өтетін НАТО саммиті алдында Украинаның НАТО-ға мүшелік туралы өтінішіне тоқталып, «Менің ойымша, НАТО-ға мүше елдер арасында ортақ пікір жоқ» деді.

Байден Ресей-Украина соғысы кезінде Украина НАТО-ға кіретін болса, альянстың да соғысқа кіретінін айтып, «Біз (НАТО) Ресеймен соғысып жатқан жоқпыз» деді.

Украинаның НАТО мүшелігі үшін демократияландыру сияқты басқа критерийлерді де орындауы керектігін айтқан Байден Украинаның НАТО мүшелігінің талқылануы үшін соғыстың аяқталуы керектігін білдірді.

Байден Швецияның НАТО-ға мүше болу өтінішіне де тоқталып, бұл елдің тезірек альянсқа кіретініне сенетінін айтты.

Түркия мен Грекияның F-16 модернизациясы талабына назар аударған Байден: "Түркия F-16-лардың модернизациясын қалайды. Сондай-ақ Грекияның премьер-министрі (Кирякос Мицотакис) көмек сұрап отыр. Шынымды айтсам, Түркия мен Грекияны нығайтатын, Швецияны НАТО-ға қабылдайтын консорциум құруға тырысып отырмын. Бірақ бұл процесс әлі аяқталған жоқ» деді.



Ұқсас жаңалықтар