Ресей армиясы украиналық бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады
Бір Ресей зымыранның Львовтағы пәтерге түсуі салдарынан 4 адам қаза тапты.
Украинаның ішкі істер министрі Игорь Клименконың хабарлауынша, бір Ресей зымыранның Львовтағы пәтерге түсуі салдарынан 4 адам қаза тауып, 9 адам жараланған.
Клименко әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Ресей армиясының түнде бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын білдірді.
Ресейл зымыранның Львов қаласындағы бір пәтерге түскенін баяндаған Клименко пәтердің 3 және 4-ші қабаттарының зақымдалғанын атап өтті.
Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанына назар аударған Клименко «Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап 4 адам қаза тапты, 9 адам зардап шекті, 7 адам құтқарылды, 64 адам эвакуацияланды» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.