БҰҰ-нан Ливияға сайлау шақыруы

Халид әл-Мишри сайлау комитеті төрағасы Өмер Мұхаммед Әбу Лайфпен Триполиде бас қосты.

1998461
БҰҰ-нан Ливияға сайлау шақыруы

Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) қоса араларында Түркия да бар 7 ел Ливиядағы сайлау үшін «нақты жол картасын» дайындау үдерісін аяқтауға шақырды.

Ливия Мемлекеттік жоғары кеңесі төрағасы Халид әл-Мишри сайлау ережелерін белгілеу (6+6) комитеті төрағасы Өмер Мұхаммед Әбу Лайфпен Ливияның бас қаласы Триполиде бас қосты.

Жиналысқа Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливиядағы қолдау миссиясы (UNSMIL) өкілінің орынбасары Райседон Зененга, Еуроодақтың (ЕО) Ливиядағы елшісі Хосе Сабаделл, Түркияның Триполидегі елшісі Кенан Йылмаз, Ұлыбританияның Триполидегі елшісі Кэролайн Хурдалл, Францияның Триполидегі елшісі Мостафа Михраже, Египеттің Триполи елшісі Мұстафа Тамир және Италияның Триполи елшілігі кеңесшісі Майкл Росси қатысты.

АҚШ-тың Триполидегі елшісі мен Ливиядағы арнайы елшісі Ричард Норланд пен Германияның Триполидегі елшісі де жиналысқа бейнеконференция арқылы қатысты.

Ливия Мемлекеттік Жоғарғы Кеңесі мен Өкілдер палатасының өкілдерінен тұратын 6+6 комитетінің Мароккодағы кездесудің қорытындысы бойынша сайлау заңдарын бекіту мәселесі талқыланған жиналыста сайлауды өткізудің «нақты жол картасын» дайындау үдерісін аяқтау керектігі айтылды.



Ұқсас жаңалықтар