Қастандықтың жауапкершілігін ДАИШ өз мойнына алды
Террор ұйымы бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Ауғанстанның Бадахшан уәлаятында Талибан тағайындаған әкім орынбасары Мевлеви Нисар Ахмет Ахмединің өлімімен аяқталған қастандықтың жауапкершілігін ДАИШ террор ұйымы өз мойнына алды.
Террор ұйымы бұл туралы әлеуметтік желіде мәлімдеді.
Бадахшан уәлаятының орталығында әкім орынбасары қастандыққа ұшырап, қаза тапқан болатын.
9 наурыз күні де Ауғанстанның Белх уәлаятының әкімі Мұхаммед Давуд Муземмил бомбалы шабуылда қаза тапқан болатын.
2021 жылдың тамыз айында Ауғанстаның билігіне Талибан келіп, ДАИШ террор ұйымы оларға қарсы шабуылдарын арттырған еді.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.