Виктор Орбан Ердоғанды мақтады

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан президент Режеп Тайып Ердоғанның Анкарадағы ант беру рәсіміне қатысты.

1995098
Виктор Орбан  Ердоғанды мақтады

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Түркия астанасы Анкарада өткен президент Режеп Тайып Ердоғанның ант беру рәсімінде Ресей-Украина соғысына бағытталған бейбіт көзқарасы үшін мақтады.

Орбан Твиттер парақшасында ант беру рәсімінде президент Ердоғанды ​​сайлаудағы жеңісімен құттықтағанын білдіріп:

«Оның бейбітшілікті жақтайтын ұстанымы Венгрия үшін таза ауа тынысы сияқты» деді. 

Түркияға сапары мен салтанатты рәсімдегі суреттерге байланысты видеосын бөліскен Орбан:

"Ердоғанның жеңісі бізге таза ауадай қажет және ол бейбітшілікті жақтайтын лидер» деп көрсетті.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан:

«Түркия президенті украиндар мен ресейліктер арасындағы астық дағдарысында маңызды рөл атқарды» деді.



Ұқсас жаңалықтар