Мадуро аккаунтынан Түркия бейне клибін бөлісті

Мадуро жеке аккаунтынан жариялаған бейне клибінде Анкара мен Стамбулдан көріністерге орын берген.

1995272
Мадуро аккаунтынан Түркия бейне клибін бөлісті

Венесуэла президенті Николас Мадуро әлеуметтік желідегі аккаунтынан 3 маусым күні президент Режеп Тайып Ердоғанның бас қала Анкарадағы Президенттік сарайда өткен «Ұлықтау рәсімі» мен Түркияға қатысты бейне көріністер бөлісті.

Мадуро Твиттер аккаунтынан жариялаған бейне клибінде Президенттік сарайда өткен салтанатта Анкара мен Стамбулдан көріністерге орын берген.

Президент Ердоғанның салтанат кезінде әріптесі Мадуроға алғыс айтқан сөйлемдері орын алған клипте Мадуро «Венесуэла мен Түркия екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету және халықтардың әл-ауқаты үшін бір кісідей әрекет етеді. Менің бауырым Режеп Тайып Ердоғанның президенттігінің жаңа кезеңі аясында Түркия Республикасы өркендеу жолында. Адалдық, егемендік және демократия!» деді.

Президенттік сарайдың кіреберісінде бұрынғы Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу тарапынан қарсы алынған бейне көріністерін бөліскен Мадуро сондай-ақ бейне көріністе Ердоғанның сайлау науқаны мен халықтың қуанышын да бейне клибінде көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар