Иран мен Ауғанстан шекарасы қазір тыныш

Екі елдің өкілдері сөйлескен.

1992252
Иран мен Ауғанстан шекарасы қазір тыныш

Иран Ішкі істер министрі Ахмет Вахиди шекарада болған қақтығыстардан кейін Талибан өкілдерімен кездескендерін,  мәселенің шешілгенін және шекарада қауіпсіздіктің қамдалғанын білдірді.

Иран мемлекеттік телеарнасына мәлімдеме жасаған Ішкі істер министрі Вахиди Иран шекара қорғаушылары және Талибан күштері арасында кеше шекарада болған қақтығысқа баға берді.  Қақтығыста Талибан күштеріне «қажетті жауап қайтарылғанын» айтқан Вахиди «Қысқа қақтығыс болды.  Талибан жағымен де байланысқа өттік.  Қазір мәлеме жоқ, шекара тыныш жәна ашық» деді.

Иран кеше шекара қорғаушылары мен Талибан күштері арасында шекарада болған қақтығыстар кезінде Иранның екі күзетшісінің қаза тапқанын хабарлаған болатын. Талибан болса бір мүшесінің қаза тапқанын білдірді.

Екі жақ қақтығысты бастатты деп бірін бірін айыптаған еді.



Ұқсас жаңалықтар