Ресей Бахмут қаласын бақылауға алғандарын жариялады

Ресей Қорғаныс министрлігі Бахмут қаласын бақылауға алғанын хабарлады.

1988708
Ресей Бахмут қаласын бақылауға алғандарын жариялады

Министрлік Донецк аймағындағы Бахмутта украин әскерімен қақтығыстағы соңғы жағдай туралы мәлімдемесінде «Артёмовск (Бахмут) тактикалық бағыттағы «Оңтүстік» әскери жасақтарының артиллериясы және авиациясының қолдауымен «Вагнер» десанттық отрядтарының шабуылдары нәтижесінде Артёмовск қаласын азат ету аяқталды» делінді.

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік «Вагнер» қауіпсіздік компаниясының ақылы сарбаздары мен Ресей Қарулы күштеріне қарасты әскерлердің Бахмут қаласын алғандары үшін құттықтады.

Кремльден жасалған жазбаша мәлімдемеде табысқа жеткен әрбір адамның мемлекеттік медальмен марапатталатыны айтылды.

«Вагнер» ресейлік қауіпсіздік компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин Бахмутты толығымен бақылауға алынғанын хабарлады.

Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр болса Бахмуттағы жағдайдың қиын екенін және украин әскерлерінің сапты ұстап тұрғанын мәлімдеген еді.



Ұқсас жаңалықтар