Әл-Ақса мешітінде Қадір түні 280 мың кісі ғибадат жасады

Израильдің кедергілеріне қарамастан 280 мың мұсылман Қадір түнінде құлшылық ету үшін Әл-Ақса мешітіне барған.

1976680
Әл-Ақса мешітінде Қадір түні 280 мың кісі ғибадат жасады

Израиль жаулап жатқан Шығыс Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітінде Қадір түні 280 мыңға жуық мұсылман  ғибадат жасады.

Палестинаның "WAFA" ақпарат агенттігі Құдс Исламдық қорлар басқармасының мәлімдемесіне сілтеме жасап, Израильдің кедергілеріне қарамастан шамамен 280 мың мұсылманның Қадір түнінде құлшылық ету үшін Әл-Ақса мешітіне барғанын хабарлады.

Израиль күштерінің кедергілеріне қарамастан палестиналықтар мен басқа елдерден келген мұсылмандар Әл-Ақса мешітінің ауласында ауызашар берді.

Құптан және тарауих намаздарын оқу үшін Әл-Ақса мешітіне ағылған жүз мыңдаған мұсылман Израильдің қатаң шараларына қарамастан Қадір түнінде намаз оқыды.

Әл-Ақса мешітінің басшысы Омер әл-Кисвани мен әл-Ақса мешітінің әкімшілік істері директоры Керим әл-Керки де Қадір түніне келген мұсылмандарды қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар