Орталық Жерорта теңізінде 441 мигрант қаза тапты

ХКҰ 2023 жылдың бірінші тоқсанында 441 заңсыз мигранттың қайтыс болғанын жариялады.

1974522
Орталық Жерорта теңізінде 441 мигрант қаза тапты

Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) 2023 жылдың бірінші тоқсанында Орталық Жерорта теңізінде 441 заңсыз мигранттың қайтыс болғанын, мұның «2017 жылдан бері бір тоқсанда тіркелген ең жоғары адам шығыны» екенін жариялады.

ХКҰ-ның мәлімдемесіне қарағанда, тәртіпсіз мигранттар үшін ең қауіпті транзиттік нүктелердің бірі Орталық Жерорта теңізінде өлімдер артуда.

ХКҰ бас директоры Антонио Виторино Орталық Жерорта теңізінде жалғасып жатқан гуманитарлық дағдарыстың төзгісіз сипат алғанын атап «2014 жылдан бері осы жолда 20 000 құрбан тіркелді. Өкінішке орай бұл қалыпты жағдайға айналды. Үкіметтің іздестіру-құтқару жұмыстарының кешігуі адам шығынын арттыруда. Теңізде адамдардың өмірін құтқару мемлекеттер үшін заңды міндет болып табылады. Іздеу-құтқару жұмыстарында біз мемлекет басшылығында белсенді жұмыстар көруіміз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар