Челленджер-2 жауынгерлік танктері Украинаға жеткізілді

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников Батыстың «танк коалициясы» аясында Украинаға жеткізілген танктерге қатысты мәлімдеме жасады.

1966285
Челленджер-2 жауынгерлік танктері Украинаға жеткізілді
Mark Rutte.jpg

Украина қорғаныс министрі Алексей Резников Ұлыбританиядан жеткізілген Челленджер-2 жауынгерлік танктерінің еліне әкелінгенін хабарлады.

Резников әлеуметтік желідегі парақшасында Батыстың «танк коалициясы» аясында Украинаға жеткізілген танктерге қатысты мәлімдеме жасады.

«Ұлыбританиядан жеткізілген Челленджер-2 жауынгерлік танктері біздің елге жақында келді» деген Резников британ әкімшілігі мен халқына танктері үшін алғыс айтты.

Министр Резников танктер сынақтан өткенін және жақын арада жауынгерлік міндеттерін бастайтынын мәлімдеді.

Енлі бір жағынан  Украина Бас штабынан жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының соңғы тәулікте 24 әуе және 12 зымырандық шабуыл жасағаны жазылды.

Орыстардың «бейбіт тұрғындарға қарсы лаңкестік» тактикасын қолданғаны айтылған мәлімдемеде «Кеше Донецк облысы Славянск қаласының инфрақұрылымына зымырандық шабуылдың салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жарақат алды» делінді.

Мәлімдемеде орыстардың Херсон облысындағы Берислав қаласына жасаған әуе шабуылында бір азаматтық нысанның зақымданғаны хабарланды.

Ресейдің түнде ұшқышсыз әуе аппараттарымен  шабуыл жасағаны және оның 14-ін Украина күштері атып түсіргені айтылды.

 



Ұқсас жаңалықтар