Ресей армиясы Бахмут қаласына шабуылдарын арттырды

Украина Бас штаб басқармасы мәлімдеме жасады.

1958772
Ресей армиясы Бахмут қаласына шабуылдарын арттырды

Украина президенті Владимир Зеленский қақтығыстар жалғасып жатқан Бахмут қаласында 6 наурыз күнінен бері 1 100 ресейлік сарбаздың залалсыздандырылғанын хабарлады.

Зеленский кешкі уақытта халыққа арнаған күнделікті үндеуінде қақтығыстар жалғасып жатқан Бахмут қаласында 6 наурыз күнінен бері 1 100 ресейлік сарбаздың қаза тауып, 1500 әскердің жараланғанын хабарлады. Зеленский сондай-ақ ондаған ресейлік техниканың жойылғанын және 10-нан астам ресейлік оқ-дәрі қоймасының жойылғанын айтты.

Зеленский сондай-ақ елдегі электр қуатының тоқтатылуының жай-күйі туралы ақпарат беріп, кеше электр қуатымен жабдықтаудың техникалық мүмкіндіктерінің қалпына келтірілгенін айтты.

 

Украина Бас штаб басқармасы Ресей армиясының Бахмут қаласын басып алу әрекетін жалғастырып жатқанын хабарлады.

Бас штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының негізгі күш-жігерін Лиман, Бахмут, Авдийевка, Маринка және Шахтерск бағытында шабуылға шоғырландырғаны атап көрсетілді.

Соңғы тәулікте ресейлік күштердің Донецк облысындағы Славянск қаласының инфрақұрылымына зымырандық шабуыл жасалғаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Дұшпан 6 әуе шабуылы мен бірнеше рет зымырандық қондырғыдан 20-ға жуық шабуыл жасады» делінді.

Мәлімдемеде ресейлік сарбаздардың Бахмут қаласын басып алу әрекетін жалғастырғаны атап көрсетіліп, Украина әскерінің осы бағыттардағы Минькивка және Орихово-Васильевка елді мекендеріндегі Ресей шабуылдарына тойтарыс бергені баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар