Елшіліктің екі қызметкерін "персона нон грата" деп жариялады

Иран қос азаматтығы бар бір кісіге қлім жазасын берді.

1950041
Елшіліктің екі қызметкерін "персона нон грата" деп жариялады

Германия Иран елшілігінің 2 қызметкерін «персона нон грата» деп жариялады.

Сыртқы істер министрі Анналена Баербок Иранда неміс азаматы ирандық Джамшид Шармахтың өлім жазасына кесілген үкімін сынға алды. «Германия үкіметі Иран елшілігінің 2 мүшесін «персона нон грата» деп жариялап, оларға Германиядан кетуге қысқа уақыт берді» деді.

Баербок Шармах өлім жазасына кесілгеннен кейін Иран елшілігінің уақытша сенімді өкілін министрлікке шақырғанын мәлімдеді. "Оған неміс азаматының құқықтарының өрескел бұзылуын қабылдамайтынымызды жеткіздік. Нәтижесінде Германия үкіметі Иран елшілігінің 2 қызметкерін «персона нон грата» деп жариялап, оларға Германиядан кетуге қысқа мерзім берді. Иран Джамшид Шармахтың өлім жазасына кесілген үкімін жойсын және оған құқықтың үстемдігіне сәйкес әділ апелляциялық процес мүмкіндігін берсін деп талап еттік» деді ол.

АҚШ-та орналасқан,  Иран режиміне қарсы бір ұйымның жетекшісі және елде «террорлық актілерді ұйымдастырды» деп айыпталған Джамшид Шармах өлім жазасына кесілген болатын.

Иранның Барлау министрлігі 2003 жылдан бері АҚШ-та тұратыны белгілі, Иран және Германия қос азаматтығы бар Шармахты 2020 жылы шетелде ұстап, елге алып келгенін хабарлаған еді.

Шармахтың отбасы оның Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталғанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар