Грекиядан жауап: "Бәріміз түрікпіз"

«Charlie Hebdo» журналының карикатурасына грек карикатурист жауап қайтарды: «Бәріміз түрікпіз».

1943767
Грекиядан жауап: "Бәріміз түрікпіз"

Түркия мен Сирияда мыңдаған адамның өліміне себеп болған зілзаладан кейін Франциядағы «Charlie Hebdo» журналы жанжал бір карикатура жариялады.  Сол карикатураға грек карикатурист жауап қайтарды: «Бәріміз түрікпіз».

Сатира атын жамылып әлемге өшпенділік таратқан «Charlie Hebdo» кеше Түркиядағы жер сілкінісін нысанаға алды. Журнал мыңдаған адамның өмірін жалмаған жер сілкінісін «Түркияда жер сілкінісі болды. Тіпті танк жіберудің де қажеті жоқ» деп сипаттады.

Түркиядан да, әлемнен де әлеуметтік желі қолданушылары журналдың жазбасына наразылық білдірді.

Грекияда шығатын «Kathimerini» газетінде Димитрис Хандзопулос салған карикатура француздық «Charlie Hebdo» басылымына жауап болды.

Суретте «Бәріміз түрікпіз» деп жазылған.



Ұқсас жаңалықтар