Қытайда халық саны азайды

Қытайдың Ұлттық статистикалық бюросы ел халқының 1 миллиард 411 миллион екенін жариялады.

1933850
Қытайда халық саны азайды

Қытай халқының саны 1961 жылдан бері алғаш рет төмендеді, 2022 жылы 850 000 адам азайды.

Қытайдың Ұлттық статистикалық бюросы ел халқының 1 миллиард 411 миллион екенін жариялады.

Туу көрсеткіші мың адамға 6,77 және өлім көрсеткіші мың адамға 7,37 деп белгіленген Қытай биыл “халқы ең көп ел»  деген атақты Үндістанға беріп қоюы мүмкін.

Қытайда бір балаға шектеу алдыңғы жылдары алынып тасталса да, қымбатшылық секілді себептерге байланысты отбасылар жаңа бала туудан аулақ жүреді.

Қытайдың Ұлттық статистикалық бюросы жариялаған деректер Қытай экономикасының да құлдырағанын көрсетті. Қытай экономикасы 2022 жылы 3 пайызға өсті. Өсім жылдық меже 5,5 пайызға жетпей қалды.



Ұқсас жаңалықтар