Украина Сомалиге бидай жіберді
Андрей Ермак Сомалиге 25 мың тонна бидай жолдағандарын хабарлады.
1925545
Украина президенттік кеңсесінің басшысы Андрей Ермак ұзақ уақыт бойы азық-түлік дағдарысымен күресіп жатқан Сомалиге 25 мың тонна бидай жолдағандарын хабарлады.
Андрей Ермак жазбаша мәлімдемесі жариялап, азық-түлік дағдарысына байланысты Сомалиді қолдайтындарын білдірді.
Ауыл шаруашылығы бағдарламасы аясында Сомалиге жіберілген 25 мың тонна бидайдың Бербера портына жеткенін атап көрсеткен Ермак «Бұл Украинаның ашаршылықтың аз-ақ алдында тұрған Африка халқына көрсеткен көмегі» деді.
Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен (WFP) бірлесіп жіберілген бидайдың логистикалық қолдауын Финляндия, Жапония және Франция берді.
Украина қыркүйек айында да Сомали мен Эфиопияға 50 мың тонна бидай жіберді.