Корольден құттықтау

Король Рождестволық жолдауында елдегі қымбатшылыққа алаңдаушылығын білдірді.

1923763
Корольден құттықтау

Ұлыбританиядағы күнкөрістің қиындай түсуі корольдік отбасының назарын аударды.

Король Чарльз III Рождестволық жолдауында елдегі қымбатшылыққа алаңдаушылығын білдірді.

Ұлыбритания королі Чарльз III өзінің таққа отырғаннан кейінгі алғашқы Рождестволық хабарламасын Виндзор сарайында жариялады. Король Чарльз сөзін дәстүрлі түрде отырып емес, тұрып айтты. Хабарламаның ең назар аударарлық бөлігі күнкөрістің қиындауына тоқталған бөлім болды.

Дүниедегі қақтығыстар, аштық және табиғи апаттар салдарынан туындаған қиындықтарға назар аударған Король Англияда қиын жыл болғанына тоқталды. Елдегі шоттарын төлеуде қиналғандар мен азық-түлік банкіне жүгінгендерді еске салған Король Чарльз жағдайға алаңдаушылық білдірді.

2022 жылдың қарашасында Ұлыбританиядағы жылдық инфляция 10,7 пайызды құрады.



Ұқсас жаңалықтар