Иранда тағы бір адамның өлім жазасы үкімі орындалды

Үкім қоғамдық орында орындалды.

1917726
Иранда тағы бір адамның өлім жазасы үкімі орындалды

Ирандағы шерулерге қатысты тағы бір адам өлім жазасына кесілді.

Иран сот жүйесінің «Мизан» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мешхедтегі шерулер кезінде «Төңкеріс Сақшылары» жасақтарына қарасты топтың  екі мүшесін өлтіріп, 4 адамды жаралады деп айыпталған Маджид Реза Рахневерд өлім жазасына кесілді.

Рахневердтің үкімі қоғамдық орында орындалды.

Иранда полиция тарапынан ұсталған жас әйелдің өлімінен кейін басталып, шамамен 3 айға созылған шерулерге байланысты 11 адам өлім жазасына кесіліп, олардың бірі 23 жастағы Мухсин Шикари 8 желтоқсанда дарға асылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар