Сирияға вакцина жеткізілді
2 миллион доза вакцина салына бастайды.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) тырысқақ індеті кең тараған Сирияға шамамен 2 миллион доза вакцина жөнелтілгенін хабарлады.
Ұйымнан жасалған жазбаша мәлімдемеде індет әсер еткен Халеб, Ракка, Хасака және Дейр-эз-Зор қалаларында 4 желтоқсаннан бастап тырысқаққа қарсы шамамен 2 миллион доза вакцинаның салына бастайтыны хабарланды.
ЮНИСЕФ-тің Сириядағы өкілі Гада Качачи індеттің ең көп балаларға әсер еткенін айтты. «Вакциналардың уақтылы жеткізілуі ЮНИСЕФ үшін басты басымдық болып табылады, өйткені ауру саны артып келеді» деді.
Сирияда айдың басында жасалған мәлімдемеде тырысқақтан қаза тапқандар саны 88, ауру саны 31 мың 544 деп жарияланды.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.