Әлем халқының саны 8 миллиардқа жетті

Әлемде халық санының өсу қарқыны бәсеңдеп жатқанымен, халық саны 2100 жылға дейін өседі деп болжалып отыр.

1906673
Әлем халқының саны 8 миллиардқа жетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоры (UNFPA) бүгінде әлем халқының саны 8 миллиард адамға жеткенін хабарлады.

UNFPA жариялаған есеп бойынша, әлем халқының саны 2030 жылы 8,5 миллиардқа, 2050 жылы 9,7 миллиардқа, 2100 жылы 10,4 миллиардқа жетеді деген болжам бар.

Әлемде халық санының өсу қарқыны бәсеңдеп жатқанымен, халық саны 2100 жылға дейін өседі деп болжалып отыр.

1970 жылдардан бері азайып келе жатқан әлем халқының өсу қарқыны 2020 жылы алғаш рет 1 пайыздан (жылдық) төмен түсті.

Әлемдегі 7 миллиард халықтың саны 8 миллиард адамға 12 өскен болса, келесі миллиардқа жету үшін шамамен 14,5 жыл қажет (2037 жылға дейін).

2050 жылға қарай Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы халық санының өсуі туудың жоғары көрсеткіштеріне байланысты жаһандық өсімнің жартысынан астамын құрайды деп болжануда.

Дүние жүзіндегі халық саны 7 миллиардтан 8 миллиардқа дейін өскен кезде халық өсімінің басым бөлігі табысы орташа төмен және төмен елдерде орын алса, есеп бойынша Үндістан 2023 жылы «әлемдегі халқы ең көп ел» ретінде Қытайды басып озады.



Ұқсас жаңалықтар