Угандада Эболадан 17 кісі мерт болды

2000 жылдардың басында Угандада жүздеген адамның өмірін қиған вирус соңғы рет 2012 жылы 17 адамның өліміне себеп болды.

1891321
Угандада Эболадан 17 кісі мерт болды

Шығыс Африка елдерінің бірі Угандада Эбола індетінен көз жұмғандар саны 17 кісіге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Эммануэль Айнебиона Эбола вирусынан қайтыс болғандар санының 17-ге жеткенін мәлімдеді.

Қаза тапқандар арасында медицина қызметкерлерінің де бар екені туралы ақпаратпен бөліскен Айнебиона індетке қарсы шаралардың күшейтілгенін атап өтті.

Сирек кездесетін және судандық штамм болып табылатын Эбола вирусы елде алғаш рет 19 қыркүйекте 24 жастағы адамда анықталды.

2000 жылдардың басында Угандада жүздеген адамның өмірін қиған вирус соңғы рет 2012 жылы 17 адамның өліміне себеп болды.

Геморрагиялық қызбаның бір түрін тудыратын Эбола алғаш рет 1976 жылы Суданның Нзара қаласы мен Конго Демократиялық Республикасының  Ямбуку қалаларында бір мезгілде өршу кезінде пайда болды.

Конго Демократиялық Республикасындағы індет Эбола өзенінің маңындағы ауылда басталғандықтан ауру осы өзеннің атымен аталды.

Эбола 2013 жылдың желтоқсанында Батыс Африкада тарады.

2014-2017 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде пайда болған індетте 30 мың адам вирус жұқтырған, 11 мыңнан астам науқас қайтыс болған.



Ұқсас жаңалықтар