Австралия маймыл шешегі вакцинасын сатып алды

Австралияда осы уақытқа дейін маймыл шешегін жұқтырған 53 адам анықталды.

1863748
Австралия маймыл шешегі вакцинасын сатып алды

Австралия маймыл шешегі вирусымен ауырғандардың артуына орай 450 мың компонент  вакцина сатып алды.

Маймыл шешегіне қарсы вакцинаның алғашқы 22 мың компоненті Австралияға бірнеше күнде жететіні, ал басқа компоненттер жылдың соңында және 2023 жылы тапсырылатыны білдірілді.

Австралияда осы уақытқа дейін маймыл шешегін жұқтырған 53 адам анықталды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 23 шілдеде бүкіл әлемде, әсіресе Еуропада таралып жатқан маймыл шешегі індетін  "Халықаралық Қоғамдық денсаулық сақтау төтенше жағдайы" деп жариялады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының 27 шілдеде жасаған мәлімдемесінде 78 елде 18 мыңнан астам жұғымдалу тіркелгені жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар