Украина Еуроодаққа мүшелік декларациясына қол қойды

Зеленский: "Еуроодақтағы достарымыздың біз үшін тарихи бір шешімді жылдам  және мықты түрде жасауы үшін өз міндетімізді ойдағыдай орындауымыз керек" деді.

1850856
Украина Еуроодаққа мүшелік декларациясына қол қойды

Украина президенті Владимир Зеленский, премьер-министр Денис Шмигал және Парламент төрағасы Руслан Стефанчук елінің Еуропа Одағына  толыққанды мүшелік келіссөздерін бастау туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

Парламенттегі жиналыста Владимир Зеленский:

"Бүгін үкіметіміздің барлық саласының бірлігінің белгісі және Украинаның Еуропа Одағына  толыққанды мүшелік стратегиялық нысанасына жетуге бел байлаудың белгісі болған бірлескен декларацияға қол қойдық" деді.

Декларацияға қол қойылуы соғыстың бесінші күнінде Еуропа Одағына мүшелік өтінішіне қол қою сияқты маңызды екенін айтқан Зеленский:

"Үміткерлігімізге 115 күн болды. Мүшелігіміз жылдар, он жылдар бойы жалғаспауы керек. Еуропа Одағындағы достарымыздың біз үшін тарихи бір шешімді жылдам  және мықты түрде жасауы үшін өз міндетімізді де ойдағыдай орындауымыз керек" деп көрсетті.

Украинаның Еуропа Одағына мүшелік келіссөздеріне тығыз және жауапкер түрде дайындау керектігін білдірген Зеленский:

"Осы залдағы Еуропа Одағы байрағы баршамызға тән. Елдің барлық саласының міндетінің символы" деді.



Ұқсас жаңалықтар