Қытай баллистикалық зымыранға қарсы сынағын жүзеге асырды

Қытай зымыран сынағының қорғаныс мақсатты өткізілгенін, ешбір елді нысанаға алмағанын мәлімдеді.

1845554
Қытай баллистикалық зымыранға қарсы сынағын жүзеге асырды

Қытай құрлықта орналасқан жаңа орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді.

«Global Times» газетінің хабарына қарағанда Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде орта қашықтағы қаруларға қарсы баллистикалық зымыран сынағының сәтті өткені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде зымыран сынағының қорғаныс мақсатты өткізілгенін, ешбір елді нысанаға алмағаны білдірілді.

Сондай-ақ Қытайдың бұл сынақтың 6-шы баллистикалық зымыранға қарсы сынағы екені және зымыран жүйелерінің атмосфераның сыртындағы нысандарды да дәлдеп жою қабілетіне ие екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар