Херсон қаласынан Ресейге астық экспорты басталды

Украинаның Херсон қаласындағы ресейшіл деп аталатын әкімшілік Ресейге астық экспорттай бастағанын хабарлады.

1834754
Херсон қаласынан Ресейге астық экспорты басталды

Украинаның Херсон қаласындағы ресейшіл деп аталатын әкімшілік Ресейге астық экспорттай бастағанын хабарлады.

Ресей армиясының бақылауындағы Херсондағы ресейшіл әкімшіліктің өкілі Кирил Стремоусов ТАСС ақпарат агенттігіне жасаған мәлімдемеде аймақта қысқы егін жинау науқанының басталғанын айтты.

Қалада айтарлықтай астық мол екенін білдірген Стремоусов «Астықты сақтайтын жеріміз бар, астығымыз айтарлықтай көп. Халық қазір Ресейдегі сатып алушыларға астығын экспорттай бастады» деді.

Стремоусов облыстан Ресейдегі өңдеу кәсіпорындарына күнбағыс тұқымын жеткізу бойынша да жұмыс істеп жатқандарын атап көрсетті.

Батыстық және орыс лауазымдылары 24 ақпан күні Украинада басталған соғыс пен санкцияларға байланысты жаһандық азық-түлік дағдарысы туралы ескертуде.

Маңызды астық экспорттаушы Ресей мен Украина өткен жылы әлемдік бидай экспортында шамамен 30 пайыздық үлеске ие болатын.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Қаратеңіз порттарындағы Украина астығын экспорттауға қоса кедергісіз дақыл экспорттауға да дайын екендерін, бірақ мұның Ресейге қарсы тиісті санкцияларды алып тастаумен мүмкін екенін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар