Маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алады

Маймыл шешегі вирусы деректері Еуропада қазірге ең көп Испанияда тіркелді.

1832856
Маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алады

Еуропа Одағына мүше 27 ел маймыл шешегі ауруына қарсы вакцина және препарат сатып алады.

Бұл туралы Испания Денсаулық сақтау министрі Каралина Дариас хабарлады.  Ол Данияның «Bavarian Nordic» компаниясының Еуропа Дәрі агенттігі тарапынан бекітілген Imvanex атты вакцинаны  сатып алатындарын білдірді. Министр аталмыш вакцинаның қай жас аралығына егілетіні туралы мәлімет бермеді.

Маймыл шешегі вирусы деректері Еуропада қазірге ең көп Испанияда тіркелді.

Осы елде 59 адамға аталмыш вирус жұққан.



Ұқсас жаңалықтар