Иранда ауа ластығы себепті мектептер жабылды
Иранның бас қаласы Тегеранда ауаның ластануына байланысты бүгін бастауыш және орта мектептер жабылды.
Иран ақпарат құралдарының хабарлауынша Тегеран әкімінің орынбасары Абид-Мелеки ауаның ластануы және қабылданған шаралар туралы мәлімдеме жасады.
Мелеки ауаның ластануы бойынша төтенше жұмыс тобының отырысына сілтеме жасай отырып «Антисанитарлық жағдайға байланысты шаң-тозаңның келуі және ауаның ластану себепті бүгін Тегеран провинциясындағы барлық мектептер жабылады, бірақ университеттер мен мекемелер ашық болады» деді.
Ауаның ластануының жоғары болуына байланысты кеше Тегеран провинциясындағы барлық мектептер, мекемелер мен университеттер жабылды.
Қаланың ауа айналымына және халық санының көптігіне қоса, ескі үлгідегі көліктер мен жиі қолданылатын мотоциклдерден шығатын газдар Тегерандағы ауаның ластануын арттыратын басты факторлар болып табылады.
Әлемдегі ауа ластығы рейтингінде алғашқы 3 қаланың қатарына енгені білдірілген Тегеранда мектептерде оқу үдерісі жиі үзіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Танзаниядағы су тасқынынан 155 адам қаза тапты
Танзанияда нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 155 адам қаза тапты.
Үндістанда бір қонақүйдегі өртте 6 адам қаза тапты
Үндістанның Бихар уәлаятында бір қонақүйде шыққан өртте 6 адам қаза тапты.