Билл Гейтс ковид жұқтырып алғанын хабарлады

Ол өзін оқшаулады.

1825357
Билл Гейтс ковид жұқтырып алғанын хабарлады

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) орналасқан Microsoft трансұлттық технологиялық компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс коронавирустың жаңа түрін (Ковид-19) жұқтырып алғанын хабарлады.

Коронавирустық вакцинаны зерттеуге салған инвестициясымен танымал Гейтс әлеуметтік желідегі аккаунтында Ковид-19 сынағы оң шыққанын, аурудың жеңіл белгілерін байқағанын бідірді.

Өзін оқшаулағанын атап өткен Гейтс: «Мен екпе алғаныма және тест беріп, тамаша емделуге қол жеткізгенім үшін бақыттымын» деп жазды.

Гейтс COVID-19 пандемиясы кезінде кедей елдердің вакциналар мен дәрі-дәрмектерге қол жеткізуін әрдайым жақтап келді.

Гейтс қоры қазан айында табысы төмен елдердің дәрі өндіруші Мерктің вирусқа қарсы Ковид-19 таблеткасына қолжетімділігін арттыру үшін 120 миллион доллар жұмсайтынын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар