Ауғанстанда аштық қаупі

Ауғанстандағы ашаршылықтың алдын алу үшін халықаралық көмек жеткіліксіз.

1825187
Ауғанстанда аштық қаупі

Ауғанстанда 10 миллионға жуық баланың аштыққа ұшырау қаупі бар екені хабарланды.

«Save The Children» халықаралық үкіметтік емес ұйымының сайтындағы мәліметтерге қарағанда ұзақ жылдар бойы қақтығыстар, жарылыстар мен саяси күйзелістердің сахнасына айналған Ауғанстандағы ашаршылықтың алдын алу үшін халықаралық көмек жеткіліксіз.

Елдегі экономикалық жағдайға қоса, 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысының жағымсыз салдары мен қатты құрғақшылық салдарынан 10 миллионға жуық ауған баласы аштыққа ұшырау қаупімен бетпе-бет.

Соңғы айларда Ауғанстанға халықаралық көмек көлемі артқанымен, ел халқының 50 пайызы шұғыл гуманитарлық көмекке зәру.

Тамыз айында Талибан елдегі билікті өз қолына алғандықтан аймақты дамытуға бағытталған көмектер тоқтағандықтан және Ауғанстандағы активтерді бұғаттағаннан кейін экономикалық дағдарыс күшейді.

Кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейінің артуы бүгінде Ауғанстанды өз тарихындағы ең үлкен аштық дағдарысына ұшыратты. Азық-түлік бағасының өсуі ауғандардың көпшілігінің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыруды қиындатып отыр.

«Save The Children» ұйымының коммуникациялар және БАҚ директоры Афина Рэйберн халықаралық қауымдастықтың Ауғанстанға қатысты саясатының зардаптарынан ауғандық балалардың зардап шеккенін және «өмірді құтқару» үшін тек көмектің жеткіліксіз екенін айтты.

«Ауғанстандық балалардан бас тартатын уақыт емес» деген Рэйберн халықаралық қауымдастықты экономикалық дағдарысқа тұрақты шешім табуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар