Лавров Буча қырғыны мен Украина келіссөздерін бағалады

Сергей Лавров Буча қырғыны көріністерінің «негізсіз» екенін алға тартты.

1808281
Лавров Буча қырғыны мен Украина келіссөздерін бағалады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаның Буча қаласында бейбіт тұрғындардың қырғынға ұшырағаны туралы көріністердің «негізсіз» екенін атап, мұның Ресей мен Украина делегациялары арасында жалғасып жатқан келіссөздерді бұзу үшін жасалғанын білдірді.

Лавров өзінің бейне үндеуінде Ресей армиясы шыққан Украинаның Буча қаласында «Украина әскері мен барлауының түсіргені байқалған бейнежазбалар жалған және ойдан шығарылғаны анық» деді.

«Шындығын дәлелдеу мүмкін емес бұл анық әрі жалған арандатушылықтың» бір себебі бар екенін түсіндірген Лавров «Мұның жалғасып жатқан келіссөздерді бұзу үшін сылтау ізденісі деп ойлаймыз» деді.

Лавров Ресей-Украина делегациялары арасында Стамбулда өткен келіссөздерде азғантай болса да үміт бар екенін, бірақ осындай бір кезеңде Буса бейнелерінің пайда болғанын атап, «29 наурыз күні Стамбулда өткен келіссөздерде делегациялар арасындағы келіссөздерде алғаш рет Украина тарапы Украинаның мәртебесі мен қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісімнің қандай болуы мүмкін екендігі туралы жазбаша бір көзқарас ұсынған еді» деді.

Украинамен Стамбул келіссөздері бойынша Ресей тарапының өз еркі және жесті ретінде майдандағы шиеленісті азайтуға шешім қабылдағанын еске салған Лавров орыс әскерлері Бучадан шыққаннан үш күн өткен соң аталмыш көріністердің ортаға шыққанын атап «Мұның назарды келіссөз процесінен алыстату, Украина тарапының Стамбулдағы келіссөздерден кейін қайта бастау, жаңа шарттар енгізу үшін жасалғанына сену үшін әртүрлі себебіміз бар. Батыс БАҚ-тары Буча қаласы туралы жалған ақпарат таратып жатқанда, Украина делегациясы келіссөздер процесін толығымен тоқтатуға тырысты» деді.

Халықаралық қоғамның орыс тарапының адал және дәйекті түрде келіссөз үстелінде жұмыс істеуге дайын екенін білуі керектігін атап көрсеткен Лавров «Киевке саботаж жасамауы үшін нақты белгі берілуін талап етеміз. Әйтпесе Минск келісімінің тағдырын қайталау қаупі бар. Бұған ешқашан келіспейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар