АҚШ YPG/PKK-лық террористтермен қарулы жаттығу бастады
АҚШ әскерлері Әбу-Хашеб шөлінде YPG/PKK-лық террористтермен бірлескен қарулы жаттығу өткізуде.
Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға қарулы жаттығуларын жалғастырған АҚШ армиясы Дейр эз-Зор қаласының солтүстік батысында террор ұйымымен ортақ қарулы жаттығу өткізуде.
Жергілікті дереккөздерден алынған мәліметке қарағанда АҚШ әскерлері Әбу-Хашеб шөліндегі өнеркәсіптік аймақ пен айналасында YPG/PKK-лық террористтермен таңғы уақытта ортақ қарулы жаттығу бастады.
Бірлескен оқу-жаттығу әскери ұшақтар мен тікұшақтарға қоса, бірнеше танк пен броньды техниканың қатысуымен өтуде.
Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция күштерінен кейбір сарбаздар да қатысқан жаттығуда террористтерге миномет, артиллериялық ату және басқарылатын танкке қарсы зымыран қолдану тақырыптарында жаттығу беріледі.
Желтоқсан айында АҚШ әскерлері Әбу-Хашеб шөлінде YPG/PKK-лық террористермен ортақ қарулы жаттығу өткізген болатын.
Террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы құрылған коалиция құрамында орын алған АҚШ пен Франция Евфрат өзенінің шығысындағы Хасеке және Дейр эз-Зорда YPG/PKK-лық террористтерді бұрын да әртүрлі әскери оқу-жаттығудан өткізген болатын.
АҚШ пен коалиция күштері 2015 жылдан бері мыңдаған YPG/PKK-лық террористке қарулы жаттығу берді.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.