Мексикада тағы бір журналист атып өлтірілді

Мексиканың солтүстік батысындағы Бажа Калифорния штатында тағы бір журналист атып өлтірілді.

1764247
Мексикада тағы бір журналист атып өлтірілді

Мексика баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда елде фототілші болып жұмыс істейтін Маргарито Мартинес Тихуана қаласындағы үйі алдында көлігіне отыра салып шабуылға ұшырады.

Хабарламадан кейін оқиға орнына барған полиция Мартинестің басынан оқ тиіп, қайтыс болғанын анықтады.

Халықаралық медиа орталықтарына жұмыс істейтін 49 жасар Мартинестің 10 жыл бойы ауқымды қылмыстық әрекеттерді де қамтитындай полиция дереккөздері мен есептерді қадағалап жұмыс істегені атап көрсетілді.

Оқиғамен байланысты тергеу басталды. Елде 2000 жылынан бері қаза тапқан журналистердің саны осымен 130-дан асты.



Ұқсас жаңалықтар