Канада премьер-министрі өзін оқшаулады

Оның командасынан алты адамда коронавирус анықталған.

1751772
Канада премьер-министрі өзін оқшаулады

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо командасынан алты адамда коронавирус шыққаннан кейін өзін оқшаулағанын білдірді.

Премьер-министр Трюдо Оттавадағы резиденциясынан онлайн баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.  Ол офисінен үш қызметкер және оққағарлардан үш кісіде ковид шыққанын білдірді.

Ол сонымен бірге жүйелі түрде тесттерден өтіп тұрғанын және адамдармен байланысқа түсуін азайту үшін медициналық қағидаларға бағынатынын айтты. «Қазірге дейінгі кеңестерді орындадым. Жылдам тесттерді жасап тұрдым.  Қазірге дейін қорытынды жақсы. Тест нәтижем жағымсыз болса, хабарлаймын. Қызметкерлермен байланыста болғандықтан толық оқшаулануды бастадым» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар