Суға кеткен екі қайықта 164 босқын қаза тапты

Лауазым иелері сол күні 210 босқын тасыған басқа бір қайықтың жолға шығуына кедергі болды.

1750660
Суға кеткен екі қайықта 164 босқын қаза тапты

Ливия маңында суға кеткен екі қайықта 160-тан астам босқын қаза тапты.

Бұл туралы БҰҰ Халықаралық Миграция ұйымы мәлімдеме жасады. Мәлімдеге сәйкес, бірінші апатта ағаштан жасалған қайық суға кетті. Кемінде 102 босқын қаза тапты.  Қайықтағы босқындардың сегізі аман қалды.

Екінші апатта бір қайық суға кетті. 62 босқынның жансыз мәйітін Ливия жағалау қауіпсіздік қызметкерлері жағаға шығарды.

Лауазым иелері сол күні 210 босқын тасыған басқа бір қайықтың жолға шығуына кедергі болды.

Биыл 1500 шақты босқын аштық және кедейліктен құтылу мақсатымен жолға шығып, Жерорта теңізінде қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар