Байден мен Путин Украина тақырыбын қолға алды

Ақ Үй Байден мен Путиннің кеше 2 сағат жалғасқан кездесуі жайлы жазбаша мәлімдеме жасады.

1744549
Байден мен Путин Украина тақырыбын қолға алды
putin-biden1.jpg
putin-biden.jpg

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин видео конференция арқылы сөйлесті. Екі лидер кездесуде Украина тақырыбын қолға алды. 

Ақ Үй Байден мен Путиннің кеше 2 сағат жалғасқан кездесуі жайлы жазбаша мәлімдеме жасады. 

Мәлімдемеде Байденнің мемлекет және Еуропа елдерінің Ресейдің Украина шеғарасына әскери жасақтар жинағанына қатты алаңдағандарын жеткізді. Мәлімдемеде сонымен қатар "Байден Ресейдің Украинада әскери дағдарысын арттырған жағдайда АҚШ пен одақтастарының экономикалық және басқа шаралар арқылы жауап беретінін жеткізді" деген сөздерге орын берілді. 

Мәлімдемеде Байденнің Украинаның егемендігі мен территория тұтастығына қолдау көрсететіні баяндалды. АҚШ президентінің дағдарысты азайту және мәселені дипломатиялық жолдармен шешу жөнінде үндеу тастағаны атап өтілді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар