Путин мен Аббас Сочиде бас қосты

Владимир Путин: "Ресей Ковид-19 тақырыбында Палестинаға жәрдем беруде" деді.

1737717
Путин мен Аббас Сочиде бас қосты

Ресей президенті Владимир Путин Палестина президенті Махмут Аббаспен Ресейдің Сочи қаласында кездесу өткізді.

Путин Аббаспен кездесуі алдындағы мәлімдемесінде Палестина халқын қамтыған әлемдегі қиын шарттарды түсінетіндерін айтты.

Шетелдіктердің қысымы мен аймақтағы дағдарыстар және жаңа типті коронавирус індетінің соы дағдарыстарды асқындырғанын айтқан Путин:

"Ресей Ковид-19 тақырыбында Палестинаға жәрдем беруде" деді.

Ресейдің Палестина мәселесінің шешілуі тақырыбындағы тұғыры өзгермегенін айтқан Путин:

"Палестина мәселесі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сай аймақтағы барлық адамдардың мүддесін қорғауды негіз етіп, екі тәуелсіз ел негізінде шешімін табуы керек. Қиын болғанына қарамай, осы мақсат үшін жұмыстанамыз" деді.

Махмут Аббас Ресейдің шақыруына алғыс айтып:

"Палестиналықтарға қаратқан көзқарасыңызға алғыс айтамын" деді.



Ұқсас жаңалықтар