"Қалай шешетінін түсіндір, көмектесемін"

Илон Маск аштық мәселесін қалай шешетінін түсіндірген жағдайда БҰҰ-ға көмектесуге уәде берді.

1727936
"Қалай шешетінін түсіндір, көмектесемін"

Америка Құрама Штаттарында электрмен жүретін автомобиль өндірушісі Tesla-ның құрушысы Илон Маск аштық мәселесін қалай шешетінін түсіндірген жағдайда БҰҰ-ға көмектесуге уәде берді.

Әлемдік Азық-түлік бағдарламасының директоры Дэвид Бислей Масктың дәулетінің тек жүзден екі бөлігімен аштық шеккен миллиондаған адамға көмектесуге болатынын білдірген еді. Илон Маск осы сөзге Twitter арқылы жауап берді.

Жер бетіндегі ең дәулетті кісілердің бірі Маск: «WFP бағдарламасы 6 миллиард доллар әлемдегі аштықты қалай шешетінін толықтай түсіндірген жағдайда, Tesla акцияларын дереу сатамын» деді.

«Адамдардың ақшаның қайда кетіп жатқанын білуі үшін ұсыныстарыңызды егжей-тегжейлі жариялаңыз. Күннің жарығы –керемет нәрсе. Мұны ашық жасаңыздар, халық та ақшаның қайда жұмсалғанын көрсін» деді ол.

WFP директоры Маскқа Twitter арқылы байланысқа өтудің орнына жоспарларын көрсету үшін кездесу ұсынды.

Ол бағдарламаның жүйесінің ашық екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар