Еврей қоныс аударушылар кеше палестиналықтарға шабуылдады

Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапид еврей қоныс аударушылардың шабуылын «террор» деп бағалады.

1712560
Еврей қоныс аударушылар кеше палестиналықтарға шабуылдады

Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапид еврей қоныс аударушылардың кеше басқыншылық астындағы Батыс Шерияда палестиналықтарға жасаған шабуылын «террор» деп бағалап наразылық көрсетті.

Яир Лапид еврей қоныстанушыларының Әл-Халил қаласына қарасты Месафер Ятта ауылдық аймағында палестиналықтарға жасаған шабуылымен байланысты Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады. Лапид «Бұл зорлық-зомбылық, қорқынышты және террор. Бұл Израильдің жолы, еврейлік жолы емес. Бұл зорлық-зомбылық және қауіпті бір шекара» деді.

Еврей қоныс аударушылар кеше Месафер Ятта ауылдық аймағында палестиналықтарға шабуылдаған, оқиғада бірі бала 12 адам жарақат алған болатын.

Аймақтағы фермерлердің ешкілерінің өзіне пышақ салған шабуылшылар палестиналықтардың үйлері мен көліктеріне де тас лақтырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар