Израиль әскерлері палестиналық бір журналистті жаралады

Палестина Баспасөз кәсіподағы Израильдің журналисттерге шабуылдағанын мәлімдеді.

1709700
Израиль әскерлері палестиналық бір журналистті жаралады

Израиль армиясы басқыншылық астындағы Шерияның батысындағы Наблус қаласы шығысында палестиналық бір журналистке оқ атып, жаралады.

Палестина Баспасөз кәсіподағы жасаған мәлімдемеде палестиналық фотожурналист Насыр Эштиййенің Наблустың Дейр әл-Хатаб ауылында Израиль күштерінің атқан оғынан басынан жараланғаны атап көрсетілді.

Кәсіподақ Дейр әл-Хатаб ауылында Израильдің журналисттерге шабуылын айыптады.

Екінші ақпарат көздерінің Анадолы агенттігіне берген мәліметке қарағанда Израиль күштері кеше кешке Дейр әл-Хатаб ауылына жасаған операция кезінде нағыз және пластикалық оқтарға қоса, газ бен дауыс бомбалары қолданды.

Бұл жағдайға байланысты палестиналық жастар мен Израиль күштері арасында қақтығыс шықты.

Израиль күштері Шерияның батысындағы аудан мен қалаларға жиі басқындар жасап, қауіпсіздік тұрғысынан палестиналықтарды тергеуге алуда.



Ұқсас жаңалықтар