Нетаньяхудың сот процесі қайта басталды

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Нетаньяху Иерусалим аймақтық сотындағы отырысқа қатыспады.

1705788
Нетаньяхудың сот процесі қайта басталды

Нетаньяхудың сот процесі 3 айдан кейін қайта басталды.

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Беньямин Нетаньяху сыбайлас жемқорлықпен айыпталған сот процесі 3 айлық үзілістен кейін басталды.

Нетаньяху Иерусалим аймақтық сотындағы отырысқа қатыспады.

Израильдің бас прокуроры Авичай Манделблит 2019 жылдың 21 қараша күні Нетаньяхудың үш бөлек сыбайлас жемқорлық ісі бойынша жауапқа тартылуын талап еткен болатын.

Міндетін атқарып жатқанда сотталған Израильдің бірінші премьер-министрі ретінде тарихта қалатын Нетаньяхудың алғашқы отырысы 2020 жылдың 24 мамыр күні Иерусалим аймақтық сотында өтті.

Нафтали Беннетт бастаған коалициялық үкіметтің 13 маусым күні сенім дауысы алуымен премьер-министрлік мәртебесінен айырылған Нетаньяхудың қорғаушылары құжат пен дәлелдемелерді зерттеу үшін одан көп уақыт сұраған, сот істі 16 маусым күніне қалдыруға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар