Жапонияда төтенше жағдай мерзімі созылады

12 қыркүйек күні аяқталуы жоспарланған төтенше жағдай мерзімі тағы үш аптаға созылады.

1703654
Жапонияда төтенше жағдай мерзімі созылады

Жапония үкіметі артып отырған коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдайдың мерзімін созуға шешім берді.

Kyodo агенттігінің хабарына қарағанда, коронавирусқа қарсы жүргізілген және 12 қыркүйек күні аяқталуы жоспарланған төтенше жағдай мерзімі тағы үш аптаға созылады. Осыған орай премьер-министр Суга Есихидэ Денсаулық сақтау министрі Тамура Норихиса және Коронавирус шараларына жауапты кабинет мүшесі Нишимура Ясутошимен кездеседі.

Төтенше жағдайдың созылғанын премьер-министр Суга үкіметке қарасты Ковид-19 ақылдасу кеңесінің шешімінен кейін жариялайды.

Қазір төтенше жағдай Токио және Осаканы қосқанды ел көлемінде 21 штатта жүргізіліп отыр.

Ұлттық баспасөз 23 шілде- 8 тамыз күндері арасында болған Токио Олимпиада ойындары және 24 тамыз-5 қыркүйек арасында болған Токио Паралимпиада ойындары кезінде коронавирустың артқанын жазды.



Ұқсас жаңалықтар