Алжирдегі орман өрттерінде 4 адам қаза тапты

Алжирде 14 уәлаятта шыққан орман өрттерінде барлығы 4 адам қаза тапты.

1688747
Алжирдегі орман өрттерінде 4 адам қаза тапты

Мемлекеттік радиоға сұхбат берген Тизи-Визу провинциясының Ормандарды қорғау дирекциясы қызметкері Юсуф Валид Мұхаммед араларында провинцияның бас қаласы да бар кейбір аймақтарда орман өрттерімен күрестің жалғасқанын атап көрсетті.

Өрт салдарынан 4 адамның қаза тауып, араларында өрт сөндіруші бір қызметкер де бар көптеген адамның жараланғанын білдірген Мухаммед өрттен зардап шеккен аудандарда бейбіт тұрғындардың эвакуацияланғанын білдірді.

Мұхаммед провинцияда бұрын-соңды болмаған көлемдегі өртте саботаж ықтималын назарға алғандарын және нақты себептің тергеу нәтижесінде айқындалатынын тілге тиек етті.

Екінші жағынан, Алжир Азаматтық қорғаныс ұйымы 14 провинцияда 31 бөлек жерде шыққан өрттерді сөндіру үшін жұмыс істеп жатқандарын жариялады.

Мәлімдемеде өрттердің әсіресе елдің орталық және шығыс аймақтарында шыққанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар