11 миллиард вакцина қажет
Гутерриш вакцинаның тең таралуы үшін өндірістің екі есе арттырылуы керектігіне назар аударды.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш әлем халық санының 70 пайызын коронавируске қарсы вакциналау үшін 11 миллиард компонент керектігін айтты.
Гутерриш Халықаралық Covid-19 вакцина ынтымақтастығы форумында сөйлеген сөзінде қазірге вакциналарға тойтарыс бере алатын басқа штаммдардың ортаға шығуына кедергі болу үшін вакцинаның барлық жерге жетуі керетігін білдірді.
«Әлем халқының 70 пайызына егу үшін 11 миллиард компонент керек» деген БҰҰ Бас хатшысы мұның эпидемияның маңызды сатысын аяқтау үшін маңызды екенін айтты.
Гутерриш вакцинаның тең таралуы үшін өндірістің екі есе арттырылуы керектігіне назар аударды. Мұның координация және орындалуы үшін де G20 елдері деңгейінде төтенше міндет күші керектігін баса айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы
Еркін Университеті студенттері Бельгияда Израильге қарсы бойкот акциясы бастады.
Путин Қорғаныс министрін қызметінен босатты
Ресей президенті Андрей Белоусовты жаңа қорғаныс министрі ретінде ұсынды.