Минадан 18 адам қаза тапты

32 адам жарақат алды.

1685453
Минадан 18 адам қаза тапты

Йеменде мина жарылыстары салдарынан 3 айда 18 адам қаза тапты. Олардың 10-ы – бала. 32 адам жарақат алды.

Йемен Мина бақылау ұйымының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда, елдің түрлі аймақтарында сәуір, мамыр және маусым айларында мина жарылыстарында қаза тапқан және жарақат алған азаматтар жөнінде есеп жарияланды.  Жарылыстарда 18 адам қаза тапты. Олардың оны – бала. Бесеуі әйелдер. 32 адам жарақат алған,  олардың жетеуі балалар.

Мина жарылыстарында 50 мал да жойылған.  Азаматтардың алты көлігі қолданылмайтын жағдайға келген.

Йемен үкіметі Иран қолдап отырған хоуситтерді елдің түрлі жеріне бір миллионнан астам мина төседі деп айыптап отыр.

Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдардың деректеріне қарағанда, елде минадан барлығы бес мың адам қаза тапты.


Этикеттер: #хоусит , #Иран , #мина , #Йемен

Ұқсас жаңалықтар