Канада да мұсылман әйелдерге исламофобиялық шабуыл

Гамильтон қаласында мұсылман ана мен қызы исламофобиялық шабуылға ұшырады.

1675040
Канада да мұсылман әйелдерге исламофобиялық шабуыл

Канаданың Гамильтон қаласында мұсылман ана мен қызы бір адамның исламофобиялық шабуылына ұшырады.

Гамильтон полициясы жасаған мәлімдемеге қарағанда қаланың Ancaster Meadowlands аймағындағы бір автотұрақта жүрген ана мен қызының үстіне бір көлік келе бастады.

Полицияның мәлімдеуінше, жүргізуші орамал таққан ана мен қызын мұсылман қоғамға бағытталған нәсілшіл сөздермен қорлап, қоқан-лоққы жасады.

62 жастағы ана мен оның 26 ​​жасар қызы даңғылдың аржағына жүгіріп, бұталардың артына жасырынды. Полиция шабуылдаушының ана мен қызды ізіне түскенін, оларды тапқан кезде өлтірумен қорқытқанын атап көрсетті.

Әйелдердің бірі айқайлаған соң айналадағы адамдардың көмектесуге жиналғанын жариялаған Гамильтон полициясы куәгерлер берген ақпар негізінде шабуылдаушыны ұстады. 40-тан асқан шабуылшы «жеккөру қылмысымен» айыпталып ұсталды.

Елдің Онтарио провинциясының Лондон қаласында 8 маусым күні жасалған террорлық актіде тротуарда келе жатқан мұсылман отбасының үстіне көлік басқарған шабуылдаушы бір отбасының 4 мүшесін өлтірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар