Францияда "жікшіл" заң жобасына наразылықтар артты

Францияда мұсылмандарды нысанаға алатын «жікшіл» заң жобасына Ұлттық Мәжілістен наразылық келді.

1667188
Францияда "жікшіл" заң жобасына наразылықтар артты

Францияда мұсылмандарды нысанаға алған «жікшіл» заң жобасына Ұлттық Мәжілісте кейбір депутаттар наразылық көрсетті. Кейбір оппозиция депутаттары жобаның мұсылмандарды қорлайтынын мәлімдеді.

«Бас имейтін Франция» партиясының депутаты Алексис Корбье заң жобасын жақтайтын депутаттардың бөтен армандары бар екенін тілге тиек етіп, «Заң жобасын пайдалана отырып миллиондаған мұсылман азаматтарымызды ренжітіп, қорламаңыздар» деді.

Депутат Ламия Әл-Араже болса Ұлттық Мәжілісте қоғамды шеттетуші бір заң жобасының қаралғанына назар аударды.

«Республика заңдарын құрметтеуді күшейту ережелері» деп аталатын заң жобасы Франция Мәжілісінде екінші рет талқылануда.

Заң жобасы мектеп сапарларына оқушылармен бірге баратын аналар мен кәмелетке толмаған қыздарға орамал тағуға тыйым салады.

Ресми спорттық жарыстарда орамалға тыйым салу да заң жобасына енгізілген. Заң жобасының шілде айының соңында қабылдануы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар