Иранда Дельта штаммы анықталды

Тест нәтижелері зерттеу үшін Тегеранға жіберілді.

1666799
Иранда Дельта штаммы анықталды

Иранда оннан астам кісіде коронавирустың Үндістанда кездескен Дельта штаммы анықталды.

Иран ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған Мешхед Медициналық ғылымдар Университетінің ректорының орынбасары Мехди Келиан «Өкінішке орай,  кеше кешке Мешхедте оннан астам Дельта штаммы оқиғасы анықталды» деді.

Тест нәтижелері зерттеу үшін Тегеранға жіберілді.

Алдымен Үндістанда кездескен және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы тарапынан «қауіпті» деп аталған Дельта штаммының жұқпалылығы өте жоғары, сондықтан жақын уақытта әлем көлемінде басым болуына алаңдайды.



Ұқсас жаңалықтар