Ватиканға шақыру

БҰҰ Адам құқықтары кеңесі құрамында жұмыс істейтін тәуелсіз төрт маман Папа Францискке бір хат жазды.

1662613
Ватиканға шақыру

БҰҰ құрамында жұмыс істейтін бір топ адам құқықтары маманы Католик шіркеуінің басқару орталығы Ватиканды балаларға бағытталған күш қолдану және жыныстық қиянаттың алдын алу үшін жұмыстануға шақырды.

БҰҰ Адам құқықтары кеңесі құрамында жұмыс істейтін тәуелсіз төрт маман Ватикан басшысы және католиктердің рухани басшысы Папа Францискке бір хат жазды.

Аталмыш хатта мамандар католик шіркеуі қызметкерлері жөніндегі айыптауларға алаңдағандарын білдірді. Олар Ватиканды «қиянат жасаған шіркеу қызметкерлерін қорғап, олардың қылмыстарын жасырды» деп айыптады.

Адам құқықтары мамандары Ватиканның кейбір ұлттық заң шығары органдары арқылы қысым қалыптастырып, шіркеу қызметкерлерінің қылмыстарына жауапты деп есептелмеуі үшін жұмыстанды, құрбандарға құнақы төлеуден қашқақтады деп айыптады.

Католик шіркеуі қызметкерлері жасаған адам құқықтары қылмыстары себебімен көптеген елде он мыңдаған адамның құрбан болғанын атап көрсеткен мамандар Ватиканға шақыру тастады.  Мамандар Ватиканнан «балаларға бағытталған күш қолдану және жыныстық қиянаттың алдын алу үшін жұмыстануын» талап етті.

Ватиканды аталмыш қылмыстарға байланысты шіркеу қызметкерлерін жазаландырмады және қызметтен алмады деп сынайтындар өте көп.

 



Ұқсас жаңалықтар